Халықпен кездесулер жалғасуда

Халықпен кездесулер жалғасуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н. Сабильяновтың  Абай облысындағы халықпен кездесулері  Аягөз ауданының Ақшәулі, Мыңбұлақ, Шыңқожа ауылдарында жалғасты. Жиында Мәжіліс депутаты Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты төңірегінде ой бөлісіп, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді.

Кездесулерде тұрғындар Ақшәулі-Шыңқожа жолын асфальттау, Мыңбұлақ ауылында ауыз су мәселесін шешу, мәдениет үйін жөндеу, жедел жәрдем көлігі, суармалы жерлерді көбейту сынды бірқатар мәселелерді көтерді.

Бұған қоса ауыл шаруашылығымен айналысатындарға жер беру, жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, жеңілдетілген несие беру, мал соятын арнайы орын ашу сынды ұсыныстарын жеткізді.

 

Өз  кезегінде  мәжілісмен көтерілген мәселелерге байланысты тиісті жұмыстардың  атқарылатынын жеткізді.


#Абай облысы, #мәжіліс, #депутат, #Нұртай Сабильянов