Мәжіліс депутаты жаңадан құрылған Мақаншы ауданының тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты жаңадан құрылған Мақаншы ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов, Президент Жарлығымен Абай облысында жаңадан құрылған Мақаншы ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Мәжіліс депутаты жаңа жылды жағымды жаңалықпен қарсы алған тұрғындарды құттықтап, жаңа өңірдің құрылуы аймақ тұрғындарының қордаланған мәселелерін шешуге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретіндігін айтты.  Сондай-ақ, Парламентте қабылданған заңдарға тоқталып, елімізді өркендетуге бағытталған бағдарламалар туралы түсіндірді.  

Депутатпен өткен ашық кездесуде тұрғындар баспана, жастарды жұмыспен қамту, егістік және жайылым жерлердің тапшылығы, мемлекеттік сатып алуда кездесетін қиындықтар, дәрігер мамандардың жетіспеушілігі мен өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Мәжілісмен әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, Нұртай Сабильянов Үржар ауданының Қызылту, Ақжар ауылдарында болып, халықпен кездесулер өткізді.


#мәжіліс, #Парламент, #депутат, #Нұртай Сабильянов