АЭС бойынша оң шешім қабылданса, оны кім салады – Президент жауабы

АЭС бойынша оң шешім қабылданса, оны кім салады – Президент жауабы

АЭС бойынша оң шешім қабылданса, онда оны халықаралық консорциум салуы қажет. Бұл туралы АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты,деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

«Егер референдум қорытындысында Қазақстан азаматтары АЭС құрылысына қатысты мәселеге қолдау білдірсе, онда оны кім салады?» - деп сұрады БАҚ өкілдері Президенттен.

Мемлекет басшысы бұл мәселенің күрделі екендігін атап өтті.

«Үкімет сараптамамен айналысып, тиісінше келіссөздер жүргізуі қажет. Дегенмен, бұл - мәселеге қатысты менің жеке көзқарасым. Қазақстанда ең озық технологияларға ие әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиіс. Бірақ, мұнан арғыны өмір көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз. 

БАҚ өкілдерімен шағын сұхаты барысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.


#ҚР Президенті, #АЭС, #Референдум