7 тамызда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі

7 тамызда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 7 тамыз, сәрсенбі күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі.Бұл туралы abaidan.kz агенттігі KAZINFORM сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде жүзу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.

Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.

7 тамыздағы жарыс кестесі:

Байдарка мен каноэде жүзу

13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен жүзу
Бекарыс Рамазан

Грек-рим күресі

14:00. Ерлер. Бастапқы кезең
87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Байдарка мен каноэде жүзу

14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен жүгіру
Сергей Емельянов
15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал
58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)
15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу
Андрей Чугай

Бокс

01:51. Ерлер. Финал
80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)

Грек-рим күресі

Ерлер
77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)


#Спорт, #олимпиада