Трамп жалақысын қайда жұмсайтынын айтты
Дональд Трамп өзін іс жүзінде "жалақысын садақаға жұмсайтын" жалғыз президент деп атады. Ол тапқан ақшасын қандай мақсатқа жұмсағанын да айтып берді, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонды есепке алмағанда, "жалақысын садақа ретінде жұмсайтын жалғыз президент" екенін мақтан тұтатынын жазды.
"Алғашқы жалақым Ақ үйдің Тарихи қауымдастығына жолданды, онда Халық үйін жөндеуден өткізу қажет", - деп жазды ол.
Трамп сонымен қатар Ақ үй "негізі қаланғаннан бері көрмеген" ауқымды өзгерістер мен көріктендіруден өтіп жатқанын айтты.
Айта кетейік, ол Ақ үйдегі жаңа бал залының құрылысын меңзеген болса керек. Жақында желіде Трамп Ақ үйдің шатырына шығып, президент резиденциясын жаңалаудың ықтимал нұсқаларын қарастырып жүрген сәтінен видео пайда болды. Сол кезде Ақ үйдегі жаңа бал залының құрылысына демеушілер 200 млн долларға жуық қаржы беретіні хабарланған.
Ал АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бал залының құрылысын қыркүйекте бастау жоспарланып отырғанын және барлық жұмыс "президент Трамптың өкілеттігі аяқталмай тұрып соңына жеткізілетінін" айтты.