Сайлау 47 қаралымabaidan.kz

Алина Калелханова: «Халықтың мұң-мұқтажын есту – басты міндетім»

Алина Калелханова: «Халықтың мұң-мұқтажын есту – басты міндетім»

«Халық үні – менің басты бағытым» ұранын негізге алған кандидат Алина Сериковна Калелханова сайлауалды бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Бағдарламада қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу және қаланың тұрақты дамуына ықпал ету бағыттары қамтылған.

Кандидаттың бастамаларының бірі – жастардың әлеуетін арттыру. Бұл бағытта жас буынның сапалы білім алуына, тұрақты жұмыс табуына, жеке кәсібін ашуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мәселелері көтерілген. Сондай-ақ жастардың спорттық, мәдени және шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету көзделген.

Әлеуметтік мәселелер де бағдарламаның негізгі бөлігін құрайды. Атап айтқанда, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілген.

Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұсыныстар да енгізілген. Олардың қатарында аулалар мен көшелердің жолдарын жөндеу, жарықтандыру жүйесін жақсарту, балалар алаңдары мен демалыс аймақтарын көбейту, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мәселелері бар.

Білім беру, мәдениет және спорт салаларын дамыту да назардан тыс қалмаған. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасау, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігін арттыру, ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраны дәріптеу бағытында жұмыстар жүргізу ұсынылған.

Сонымен бірге қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жандандыру және тұрмыстық қалдықтарды жинау сапасын бақылау мәселелері де бағдарламаға енгізілген.

Алина Калелханованың пікірінше, қаладағы оң өзгерістер тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, олардың мәселелеріне бейжай қарамаудан басталады. Сондықтан халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алу оның жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі болмақ.

«Халық үні – менің басты бағытым» атты бағдарлама тұрғындардың мүддесін қорғауға, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге және қала өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.

                                                                              

№ 12 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алина Калелханованың сайлау қорынан төленді