Сайлау 3 қаралымabaidan.kz

Вероника Абдулаева: «Семейдің дамуы – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудан басталады»

Вероника Абдулаева: «Семейдің дамуы – тұрғындардың әл-ауқатын арттырудан басталады»

№10 бірмандатты сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Вероника Витальевна Абдулаева сайлауалды бағдарламасында қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер мен оларды шешудің негізгі бағыттарын айқындады.

Кандидаттың басты мақсаты – Семей қаласының инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Бағдарламада әрбір азаматтың мүддесін ескеру, халықпен ашық диалог орнату және нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу негізгі қағидат ретінде белгіленген.

Қолайлы қала – ортақ міндет

Қала инфрақұрылымын дамыту бағытында жолдардың және аулаішілік аумақтардың жағдайын жақсарту, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Балалар мен білім беру саласына басымдық

Білім беру сапасын арттыру үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтардың еңбек жағдайын жақсарту және оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, буллингтің алдын алу және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты дамыту да назардан тыс қалмайды.

Жастар – қаланың болашағы

Жастардың қабілеті мен әлеуетін дамыту үшін спорттық және шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігін арттыру, волонтерлік қозғалысты қолдау және жаңа бастамаларға жол ашу ұсынылады. Әлеуметтік әділеттілік пен қамқорлық

Әлеуметтік бағытта көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау мәселесі ерекше орын алады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, зейнеткерлер мен жалғыз тұратын қарттардың мәселелеріне басымдық беріледі. Әлеуметтік көмектің әділ әрі ашық көрсетілуіне ықпал ету көзделген.

Денсаулық пен таза қоршаған орта

Тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, профилактикалық тексерулерді қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері көтеріледі.

Экологиялық жағдайды жақсарту да бағдарламаның маңызды бөлігі. Тұрғындардың өтініші – назарда, мәселелердің шешімі – бақылауда

Вероника Абдулаева халықпен тұрақты байланыс орнатуды тиімді депутаттық жұмыстың негізгі шарты деп санайды. Осы мақсатта тұрғындармен кездесулер өткізу, азаматтарды жеке қабылдау, олардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастыру және көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылау көзделген.

Вероника Витальевна Абдулаеваның ұстанымы – тұрғындардың сенімін ақтау, әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарау және Семейдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдау. Өйткені қаланың өркендеуі тек инфрақұрылымның жаңаруымен емес, әрбір тұрғынның өмір сүру сапасының жақсаруымен өлшенеді.

 

№ 10 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Вероника Абдулаеваның сайлау қорынан төленді