Сайлау 82 қаралымabaidan.kz

Абай өңірінде сайлау науқаны қызу өтуде

Абай өңірінде сайлау науқаны қызу өтуде

Бүгін елімізде кезектен тыс сайлау науқаны өтуде. Абай облысының тұрғындары да саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Таңғы сағат 07:00-де ашылған сайлау учаскелеріне келушілер қатары артып келеді.

Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып №84-сайлау учаскесіне белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Абай облыстық филиалының төрағасы Орал Шәріпбаев келді. Ол өз дауысын беріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға азаматтық ұстанымын білдірді.

Сонымен қатар, Орал Шәріпбаев бүгінгі күннің маңызын өлең жолдарымен де жеткізді. «Жаңғырған мына заманда, бақ қонды Семей бағыңа, облыс болып тұр бүгін ұлы Абайдың атында, депутатым кел халқыңа» деген шумақтары арқылы Абай елінің бүгінгі тыныс-тіршілігін жырлады.

Бүгінгі сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына мүмкіндік беретін маңызды науқан.

 

https://018.kz/26083-abaj-irinde-sajlau-nauany-yzu-tude.html