Абай облысының "Динамо" қоғамдық бірлестігінің балуаны Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдегері атанды.
Астанада өтіп жатқан Көшпенділер дүниежүзілік ойындарында Түркышев Дидар Есетұлы қазақша күрестен алтын медаль жеңіп алды. Жарыста ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті және Өзбекстаннан келген спортшыны жеңді. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дидар Абай ауданының ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бекторе Сұлтанның басқаруындағы "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының қатарына қосылған.
#Абай облысы, #Спорт, #Полиция, #Дүниежүзілік көшпенділер ойындары