«AS TAL» коктейлі "JANA MEN" реалити шоуында
Ұлттық өнім өндіретін «ADAL AS» компаниясының «AS TAL» коктейлін Айтым Жакуповтың "JANA MEN" реалити шоуына қатысушылар да өз қалауларымен қолдануда.
Жоба 2021 жылы Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттауда артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға көмек көрсету мақсатында қолға алынған.
Айтым Жакупов - қоғам қайраткері және кәсіби жаттықтырушы, Қазақстандағы және әлемдегі Street Workout бойынша бірнеше мәрте рекордшы, Street Lifting бойынша Еуропа рекордшысы, Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі. Көптеген қазақстандықтар Айтым Жақыповты керемет күш иесі ретінде ғана емес, танымал блогер ретінде де біледі. Спорт әуесқойлары оның рекордымен таныс. Тикток пен Instagram әлеуметтік желілерінде Айтым Жакупов қалай белсенді және табысты болу керектігі туралы әңгімелейді.
Оның айтуынша, артық салмақтың негізгі себебі- тамақты көп мөлшерде ішу ғана емес. Оған дұрыс тамақтанбау, психологиялық жағдай, спортпен шұғылданбау, айналасындағы адамдар және т.б. әсер ететін көрінеді. Алайда, жасына қарамастан, бұл мәселені жеңуге болады,-дейді ол. Сондықтан, осы реалити-шоу арқылы қоғамға салауатты өмір салтын насихаттап, өзімізді жеңу сияқты ойларды жеткізуді басты мақсат етуде.
Осыны негізге алған «ADAL AS» компаниясының өкілі Саян Ахметжанов алғашқы күннен бастап "JANA MEN" реалити шоуына қатысып, «AS TAL» коктейлінің салмақтан арылуда септігі мол екендігін көрсетуде.
Бүгінде реалити-шоуға 20 адам қатысуда. Олардың салмақтары 225 келіге дейінгі аралықта. Алғашқы 10 күнде 10 келіден 28 келіге дейінгі салмақтан арылған. «AS TAL» коктейлін олар арнайы жаттығулардан кейін күніне бір рет кешкі уақытта қолданады. Өйткені, олардың әрқайсысының ағзаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондақтан қатысушылардың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында.
"JANA MEN" реалити шоуына қатысуша Ержанның бастапқыда салмағы 138,келі болған.
3 күн бойы, күніне 3 уақыт «AS TAL» коктейлін ішкен. Бұған қоса жаттығулар жасаған. Осылайша 3 күнде 3 келі салмақтан арылып, 135,7 келіге жеткен.
Осылайша тамаша нәтижеге қол жеткіздік,-дейді Саян . Сондай – ақ ол өзінің осы өнімді пайдаланғанан бері 50 келі салмақ тастағанын айтады.
«AS TAL» коктейлі ешбір қоспасыз дайындалғандықтан денсаулықты жақсартуға септігі мол. Ағзаны тазарту, күш-қуат беру, қан қысымын реттеу, қанның құрамындағы қант мөлшерін төмендету, салмақ азайтуда таптырмас табиғи таза өнім. Оның негізі - талқаннан құралған. Алматы технологиялық университеті Азық-түлік өнімдерінің сапа мен қауіпсіздігін бағалау ғылыми-зерттеу зертханасы мен «Alikhan Bokeikhan University» зертханасында зерттеуден өткен.
(Суреттер әлеуметтік желідегі парақшадан алынды.)
#Семей, #Ас ТаL, #Адал Ас, # "JANA MEN" реалити шоуы, #Айтым Жакупов