Чемпиондар арамызда!

Чемпиондар арамызда!

Жақында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Uzbekistan open 3 халықаралық деңгейдегі кикбокс турнирінде  Абай облысы ТЖД жүргізуші-қызметкері жеңімпаз атанды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнирде"ӨСжАҚЖҚ" РММ №6-шы өрт сөндіру бөлімшесінің азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов 1-ші орынды жеңіп алды .

Төтенше жағдайлар Департаменті және "Абай облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" РММ ұжымы азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықовты халықаралық турнирде  жүлделі 1-ші орынды иеленуімен құттықтап, спортта жетістікке жете беруіне тілектестік білдірді.


#Спорт