Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 52 қаралымabaidan.kz

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Қазақ даласында ат дүбірі естілсе, елдің рухы көтеріліп, ұлттық дәстүрдің айбыны асқақтай түсетіні бар. Қала күніне орай ұлттық спортты ұлықтап, ата дәстүрді дәріптеу мақсатында дүбірлі бәйге ұйымдастырылды. Даланың сәнін келтірген сәйгүліктер мен ат үстіндегі шабандоздар көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Дода барысында жүйріктердің бабын, шабандоздардың шеберлігін сынға салған тартысты жарыс өтті. Дүбірлі додаға жиналған көрермендер өз жүйріктерін қолдап, бәйгенің әр сәтін ерекше ықыласпен тамашалады.

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Ұлттық ат спортының үш бағыты бойынша өткен жарыста шабандоздар құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйгеде бақ сынады. Құнан бәйгеде қатысушылар 7 шақырым, топ бәйгеде 15 шақырым, ал аламан бәйгеде 25 шақырым қашықтықты бағындырды.

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Құнан бәйге – 7 шақырым

Құнан бәйгеде жүйріктер қысқа қашықтықтағы жылдамдығын көрсетіп, мәреге жету үшін бар күшін салды. Нәтижесінде:

1-орын – «Тасқын», шабандозы Амангелді Хамза;
2-орын – «Дастархан», шабандозы Шайзада Айсұлтан;
3-орын – «Тобылғы торы», шабандозы Қаупен Әли;
4-орын – «Аманат», шабандозы Мұхаммедамин Берікжанұлы;
5-орын – «Асу», шабандозы Айтқабыл Нұрали.

Топ бәйге – 15 шақырым

Он бес шақырымдық топ бәйге шабандоздар мен сәйгүліктер үшін ширақтық пен төзімділікті талап етті. Дода қорытындысында:

1-орын – «Ғұн», шабандозы Саматұлы Айсұлтан;
2-орын – «Қарақат», шабандозы Толеген Асылжан;
3-орын – «Оқжетпес», шабандозы Әмір Серік;
4-орын – «Қымбат», шабандозы Разақ Нұржігіт;
5-орын – «Ай-хай», шабандозы Ахметұлы Абылай.

Аламан бәйге – 25 шақырым

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Бәйгенің ең ұзақ әрі нағыз төзімділікті талап ететін түрі – аламан бәйгеде жүйріктер 25 шақырым қашықтықты артқа тастады. Ұзақ жолда аттың бабын дәл табу, күшті дұрыс бөлу және мәреге дейін қарқыннан жаңылмау шабандоз шеберлігін айқындады.

Жарыс нәтижесінде:

1-орын – «Айторы», шабандозы Қаупен Әли;
2-орын – «Бирхан», шабандозы Бекбатыр Нұрасыл;
3-орын – «Баязит», шабандозы Кузницов Руслан;
4-орын – «Жарқынай», шабандозы Саматұлы Айсұлтан;
5-орын – «Ғазиза», шабандозы Разақ Нұржігіт.

Бәйге қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Құнан бәйгенің жеңімпазына квадроцикл, ал топ және аламан бәйгенің жеңімпаздарына Changan автокөліктері берілді. Сонымен қатар әр бағыт бойынша екінші орыннан бесінші орынға дейінгі жүлдегерлер де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады
Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде қала әкімі Әділет Қожанбаев бәйгеге қатысқан шабандоздар мен ат иелерін құттықтап:

«Бүгін бабы мен бағы келіскен сәйгүліктер келді. Бәйге алған ат иелерін, шабандоздарды құттықтаймыз», – деді.

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Бәйге – қазақ үшін жай ғана спорттық жарыс емес. Оның бойында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан атбегілік өнері, жылқыға деген ерекше құрметі, ер жігіттің намысы мен ұлттық рухы тоғысқан. Сондықтан ұлттық спортты дәріптеп, ата дәстүрді жаңғыртатын мұндай шаралардың тәрбиелік әрі мәдени маңызы зор.

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады

Қала күні аясындағы дүбірлі дода көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық спорттың қадір-қасиетін тағы бір мәрте айшықтады. Даланың дүбірін асырған тұлпарлар мен ат үстіндегі шабандоздар қазақтың төл өнері мен дәстүрінің жалғасын көрсетті.

Дүбірлі дода: тұлпарлар топ жарып, шабандоздар бақ сынады