Екінші медаль! Евгений Кошкин - қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері
Қазақстан спортшысы Евгений Кошкин IX қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап. Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының ерлер арасында 100 метрге конькимен жүгіруден бәсекелер аяқталды. Қазақстандық спортшылар Артур Галиев, Никита Важенин, Алтай Жәрдембекұлы және Евгений Кошкин жарыс жолына шықты.
Қортындысында Евгений Кошкин 9.47 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орыннан көрінді.
Алтай Жәрдембекұлы (9.64 секунд) қола жүлдеге бір табан жетпей қалды.
Айта кетрлігі, бұл - Қазақстан құрамасының Харбин қысқы Азия ойындарындағы екінші күміс жүлдесі.
Осыған дейін, шорт-тректен Қазақстан командасы аралас эстафедан (2000 метр) күміс медаль жеңіп алған еді.
Фото: Спорт комитеті