Қазақстан жасөспірімдер олимпиадасының үшінші медалін жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер олимпиадасының үшінші медалін жеңіп алды

Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орынға таласты, деп хабарлайды Kazinform сілтеме жасап,  abaidan.kz тілшісі.Қазақстан мықты қарсылас болып шықты.

хоккей

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Матч 6:5 есебімен аяқталып, Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Біздің құраманың қоржынында қазір үш медаль бар.

хоккей

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бұған дейінгі медальді Илья Мизерных бірінші (шаңғымен секіру) болып әкелді. Одан кейін Полина Омельчук шорт-тректен қола жүлдегер атанды.


#Хоккей, #Спорт