Қазақстандық боксшылар әлем чемпионаты финалында кімдермен кездеседі

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионаты финалында кімдермен кездеседі

 Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты финалда бүгін, 14 қыркүйекте еліміздің атынан сегіз боксшы шаршы алаңға шығады,- деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Еліміздің атынан ерлерде Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі) сынға түссе, әйелдерде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады. 

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен белгіленген.

16:00. Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)

16:15. Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай — Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)

16:45. Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

22:00. Әйелдер. 51 кгелі Алуа Балқыбекова — Бусеназ Чакыроглу (Түркия)

22:30. Әйелдер. 65 келі. Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

22:45. Ерлер. 70 келі. Төрехан Сабырхан — Севон Окадзава (Жапония)

23:00 Әйелдер. 70 кгелі Наталья Богданова — Лекейша Перголити (Австралия).

23:45 Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).


#Спорт, #бокс