Семейде заманауи спорт кешені салынады

Семейде заманауи спорт кешені салынады

«Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бүгінгі таңда соңғы эскиз бекітілді. ЖСҚ басталды, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында қолға алынады. Аяқталуы 2026 жылдың ақпанына жоспарланып отыр.


Демек, жақында Семейдің сол жағалауында бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін заманауи арена пайда болады.
Стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, әуесқой футболшылар мен жалпы жұртшылықтың қызығушылығын тудыруда. 
Жаңа стадион спорттық жарыстарды өткізуге арналған арена ғана емес, сонымен қатар түрлі жастағы тұрғындардың жиі бас қосатын орындарының бірі болады.
Стадион құрылысы – Қазақстанның спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Ол жарыс кезінде көрермен мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи технологиялармен жабдықталады. 

Стадион сыйымдылығы және ерекше дизайнымен жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар қала қонақтарының да назарын өзіне аударады.

Жаңа стадион тек спорттық іс-шараларды өткізумен ғана шектелмейді. Бұл жерде концерттер, фестивальдар және көрмелер сияқты әртүрлі ойын-сауық әрі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл аймақтағы туризм мен мәдени алмасуды дамытады. Сонымен қатар, жаңа стадион әлеуметтік интеграция мен халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді деп күтілуде. Спорт - қоғамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін үлкен маңызға ие, ал жаңа стадион кәсіпқойларға да, әуесқойларға да спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. 

Осылайша, қазақ футболының отанындағы жаңа стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, спорттық іс-шаралар, ойын-сауық және мәдени іс-шаралардан ләззат алатын, азаматтардың қоғамдық байланыстары мен бірлігін нығайтатын орын болады.


#Семей, #Абай облысы, #Спорт