Қала күніне арналған мерекелік шаралар аясында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында аударыспақтан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Ат үстінде күш пен ептілікті, батылдық пен шеберлікті талап ететін ұлттық спорттың бұл түріне қатысушылар ерекше дайындықпен келді. Дүбірлі дода барысында спортшылар қарсыласын ат үстінен аударып түсіру үшін бар күш-жігерін жұмсап, өзара бақ сынады. Жарыс көрермендерге де ерекше әсер сыйлап, мерекелік шараның көркін қыздырды.

Бәсеке бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өтіп, жеңімпаздар анықталды.
87 кг-нан жоғары салмақта:
🥇 Төлеуханов Ілияс
🥈 Бейсембаев Дархан
🥉 Қанафин Асхат
74 кг салмақта:
🥇 Қанатұлы Темірхан
🥈 Саян Даму
🥉 Сапанов Мадияр
68 кг салмақта:
🥇 Мырзағазин Азамат
🥈 Ұлықбек Бейбарыс
🥉 Қанағатов Шыңғыс

Аударыспақ — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ат спортының бірі. Ол спортшыдан күшпен қатар, ат үстінде мығым отыруды, тепе-теңдікті сақтауды және қарсыластың әрекетін алдын ала болжай білуді талап етеді.
Осындай жарыстар ұлттық спортты кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың халқымыздың дәстүрлі спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жарысқа қатысқан барлық спортшыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, алдағы бәсекелерде толағай табыс тілейміз!





