Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Спорт 45 қаралымabaidan.kz

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Семей қаласының күніне орай қалада күштік экстримнен дәстүрлі «Семей батыры» турнирі өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған спорттық додаға Өскемен, Риддер қалаларынан, Жарма ауданынан және Семей қаласынан келген спортшылар қатысып, күш-қайраты мен төзімділігін сынады.

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ол күштік спортты дамыту мен бұқаралық спортты насихаттауда мұндай жарыстардың маңызы зор екенін атап өтті.

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Семей батыры» турнирі дәстүрлі спорттық бәсекеге айналды. Бүгін ортамызға Өскемен, Риддер қалаларынан, Жарма ауданынан және Семей қаласынан спортшылар жиналып отыр. Қазақ халқы қашан да білекті де жүректі азаматтарын құрметтеп, батырлық пен намысты биік қойған. Бүгінгі сайыс — сол қайсар рухтың спорт алаңындағы көрінісі. Мұнда тек қара күш қана емес, төзімділік, табандылық, өз-өзіңді жеңе білу және қарсыласқа деген құрмет сыналады», — деді Әсет Баймұрзаев.

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жарыс барысында спортшылар күш пен ептілікті, төзімділік пен шапшаңдықты талап ететін түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көрермендерге тартысты бәсеке сыйлады.

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 І орын — Макарцов Вадим, Шығыс Қазақстан облысы;

🥈 ІІ орын — Азизов Нұрбол, Семей қаласы;

🥉 ІІІ орын — Кенжеханов Темирлан, Шығыс Қазақстан облысы.

Семейде «Семей батыры» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Семей батыры» турнирі өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтып, күштік спортқа деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді. Жарысқа қатысқан спортшылар өздерінің физикалық дайындығы мен жігерін көрсетіп, жас буынға табандылықтың, қажырлы еңбектің және өз күшіне сенудің жарқын үлгісін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі турнир алдағы уақытта да жалғасын тауып, күштік спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қоса бермек.