Жас каратэшілер халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды

Жас каратэшілер халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды

29-30 маусым аралығында Астана қаласында Шинкиокушинкай Каратэден «Astana Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Турнирге қатысқан облысымыздың жас спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды,-деп хабарлайды abaidan.kz.

Турнирдің алтыны Алинұр Сағатбековке (Семей қаласының №3 мектебі) бұйырды. 

Іңкәр Секей (Семей қаласының №3 мектебі) және Артем Плотниковқа (Семей қаласының №10 мектебі) күміске қол жеткізсе, қола медальді Айдос Мазанбеков (Семей қаласының №49 мектебі) иеленді. 

Сондай-ақ, 1-2 шілде күндері Болгарияның Варна қаласында «KWU WORLD CUP – 2024» турнирі өтті. 30-ға жуык мемлекеттің 300-дей спортшысы қатысқан жарыста №27 мектептің оқушысы Нұрдос Тоқтарбек төрт жекпе-жек өткізіп, ІІ орынға ие болды. Бұдан бөлек, 20-21 шілде Жапония астанасы Токиода өткен каратэ Шинкиокушинкайдан «THE KARATE DREAM FESTIVAL 2024 INTERNATIONAL CHAMPIONSHIP» халықаралық чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз, №35 мектеп оқушысы Абзал Слямғалиев +30 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленді. Жапониядағы жарысқа 21 елден 3 мыңнан аса спортшы қатысқанын айта кетуіміз керек. Бұл Абай облысы балаларының Жапонияда өткен Каратэ Шинкиокушинкайдан алған алғашқы жүлдесі.