Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан алтын медаль алған қазақстандық құрама спортшылары қанша сыйақы алатынын түсіндірді,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясынан көкпар мен көк бөрідегі жүлделі орындар үшін мынадай сыйақылар белгіленген:

  • 1 орын үшін — 10 млн теңге; 
  • 2 орын үшін — 6 млн теңге;
  • 3 орын үшін — 4 млн теңге.

Сондай-ақ, Көк бөрі республикалық федерациясының президенті Бауыржан Әбдірашитовтың атынан мынадай жүлде қоры белгіленген:

  • Көкпар бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен әр жаттықтырушыға 5 млн теңгеден;
  • Көк бөрі бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен жаттықтырушыға 10 млн теңгеден.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын жеңді.  


#Спорт, #Дүниежүзілік көшпенділер ойындары