Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Мейірлан Раханов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Мейірлан Ақылбекұлы Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған.
2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы.
2012-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы.
2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2016-2024 жылдары – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі.
2024 жылғы қаңтардан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.