Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды.

Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды.

ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылдың 19 желтоқсанындағы бұйрығымен Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров тағайындалды, ол бұрын Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған, - деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПБ баспсөз қызметіне сілтеме жасап. Ернар Мейрамбекұлы Базаров құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Семей облысының тумасы.  

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде Абай облысы құрылғанға дейін  Семей қаласының Полиция басқармасын басқарды.  2022 жылы Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Жеңісбайұлы Сұлтан өзінің бірінші орынбасарына бірқатар міндеттер қойды.


#Абай облысы, #тағайындау, #Полиция