Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Үржар ауданы 6 қаралымabaidan.kz

Үржар ауданында күрес залы ашылды

Үржар ауданында күрес залы ашылды

Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылында ауыл әкімшілігінің жаңа ғимараты мен күрес залының ашылуы өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жаңа әкімшілік ғимарат барлық заманауи талаптарға сай. Оның ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Бұл ғимарат ауыл тұрғындарына жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған.

Сонымен қатар, ауылда жас спортшыларға арналған күрес залы ашылды. Зал тиісті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Залда 50-ге жуық спортшы жаттыға алады. Сондай-ақ жаттығу залында бір жаттықтырушы жұмыс істейді.