Үржар ауданында күрес залы ашылды

Үржар ауданында күрес залы ашылды

Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылында ауыл әкімшілігінің жаңа ғимараты мен күрес залының ашылуы өтті,-деп  хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа әкімшілік ғимарат барлық заманауи талаптарға сай. Оның ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Бұл ғимарат ауыл тұрғындарына жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған. 

Күрес залы

Фото: Абай облысының баспасөз қызметі

Сонымен қатар ауылда жас спортшыларға арналған күрес залы ашылды. Жергілікті кәсіпкер залды тиісті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Залда 50-ге жуық спортшы жаттыға алады. Сондай-ақ жаттығу залында бір жаттықтырушы жұмыс істейді. 


#Абай облысы, #Спорт, #Үржар ауданы