Үржар ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Үржар ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Үржар ауданы Қаратұма ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория және ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратының ашылу салтанаты өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Медициналық нысанның құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай халық игілігіне берілді. Жаңа ғимарат заман талабына сай медициналық аппарат құралдарымен жабдықталған. 
Бүгінде Үржар ауданының тұрғындарына 1 орталық аурухана, 1 ауданаралық аурухана, 25 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік акушерлік пункт, 22 медициналық пункт сапалы қызмет көрсетеді. 



Айта кететін жайт, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында ауданның 16 елді-мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, медициналық пункттер салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.


#Абай облысы, #Денсаулық сақтау, #Үржар ауданы, #амбулатория