Заң мен тәртіп 34 қаралымabaidan.kz

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда: қалада құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда: қалада құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңдылық пен тәртіпті нығайту мәселелері ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды.

Қала әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, қаладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

Күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының 2026 жылғы қорытындысы қаралды. Сонымен қатар қаладағы қылмыс деңгейі мен құқық бұзушылықтардың жай-күйі талқыланып, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы өзекті мәселелерге назар аударылды.

Отырыс барысында теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен тыс қалмады. Аталған нысандарда азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу және жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысын ұйымдастыру қажеттігі сөз болды.

Жиын қорытындысында қала әкімі мен комиссия мүшелері құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, профилактикалық шараларды тұрақты жүргізу қажеттігі айтылды. Бұл ретте әрбір мекеменің өз құзыреті шегінде нақты міндеттерді орындауы және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәселелерге жауапкершілікпен қарауы маңызды екені ескертілді.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да ведомствоаралық байланыс пен жүйелі профилактикалық шаралар арқылы жалғасын таппақ.