Абай облысында аңшылық алқаптарды бекіту қолға алынды
Абай облысында аңшылық алқаптарды бекіту қолға алынды
Аңшылық алқаптарды бекіту браконьерлікті төмендету, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту мақсатында жүргізіледі. Алқаптар бекітілгеннен кейін шаруашылықтар жануарлар дүниесін қорғау және жануарларды азықтандыруға міндетті болады.
Бүгінде Абай облысының аумағында 19 аңшылық алқап бар, оның 8-і бекітілген және 11-і резервтік қорда орналасқан, онда аңшылық-кәсіпшілік жануарлардың 30-дан астам түрі мекендейді.
Заңсыз аңшылықты азайту, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарында аңшылық шаруашылықтар шарт аясында биотехникалық іс шараларды жасауы міндеттеледі. Бұл азықтандыру алаңдарын, арнайы жабдықтарды орнату, тұз, шөп пен астық қалдықтарын дайындау.
Сондай-ақ, жануарлар түрлерінің санын есепке алу, деректерді талдау жүргізетін болады.
Сонымен қатар, Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жақын арада www.gosreestr.kz веб-порталында аңшылық алқаптарды электрондық түрде бекіту бойынша конкурс өткізіп жатыр.