Жарма ауданында «Киелі мекен» апталығы өтіп жатыр

Жарма ауданында «Киелі мекен» апталығы өтіп жатыр

Аудан орталығы Қалбатау ауылында ескерткіштердің аумағын тазарту, сондай-ақ бірқатар сәулет нысандарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.


Нұрқасым Садықов атындағы саябақтың «Даңқ» аллеясының аумағында, Зере ана, Қалихан Алтынбаев, Тұрсынхан Әбдірахманова ескерткіштерінің жанында жұмыстар жасалды. Сондай-ақ жазушы Әзілхан Нұршайықовқа арналған скверде тазалық жұмыстары жүргізілді. 400 жуық тұрғын қатысқан акцияға ауыл тұрғындары, мекемелер, ұйым қызметкерлері, аға буын өкілдері белсене атсалысты. Жалпы 16 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды. Алдағы күндері жастар Жәнібек батыр ескерткішінің айналасында тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізеді. 

Жарма ауданы бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында елді қорғаған жауынгерлерге арналған 38 мемориалдық кешен, ескерткіштер бар. «Киелі мекен» апталығы аясында барлық ескерткіштердің аумақтары тазаланып, жөнделіп, ретке келтірілетін болады.


#Абай облысы, #Жарма ауданы