«Атом электр станциясы: Қазақстанның энергетикалық болашағы»

«Атом электр станциясы: Қазақстанның энергетикалық болашағы»

Бүгін Семей қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жастармен кездесу жиыны өтті,-депе хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.  Іс-шараға геологиялық барлау колледжінің студенттері белсене қатысты.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы туралы ақпарат беру, оның энергетикалық және экономикалық артықшылықтарын түсіндіру болды. Жиында АЭС құрылысы геология мен инженерия салаларына жаңа мүмкіндіктер әкелетіні, сонымен қатар еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне жол ашатыны туралы айтылды. Жастар тақырыпты ашу мен талдауға белсенді қатысып, атом энергетикасының болашағы, оның экологиялық қауіпсіздік пен экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі туралы сұрақтар қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша жастар Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы мен ел дамуына қосатын үлесі туралы түсінік алды. Студенттер энергетика саласының болашағына және оның елдегі экологиялық жағдайға әсері туралы қызығушылықтарын білдірді.


#АЭС, #Референдум