Семейлік студенттер АЭС салу мәселесін талқылады
Бүгін геологиялық барлау колледжінің студенттерінің қатысуымен жиын өтті. Кездесуге Шәкәрім университетінің техникалық физика және энергетика кафедрасының меңгерушісі Ольга Александровна және оқу орнының басшылығы қатысты. Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанда АЭС салу туралы ақпарат беріліп, энергетика саласындағы қазіргі жағдай туралы айтылды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында АЭС құрылысының технологиялық ерекшеліктері мен қауіпсіздік шаралары талқыланды. Спикерлер атом энергетикасының Қазақстан үшін маңыздылығына тоқталып, оның еліміздің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар АЭС құрылысына қатысты сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Жастар энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, АЭС салудың әлеуетті әсері турасында мол мағлұмат алды.
#Жолдау, #студент, #АЭС, #Референдум