Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Құрылтай 41 қаралымabaidan.kz

Қазыналы қариялар ел болашағы үшін дауыс берді

Даналық пен жауапкершілік тоғысқан маңызды күн. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға орай сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып ардақты әжелеріміз бен ақсақалдарымыз келді. Ғибратты ғұмыр жолынан өткен қазыналы қарияларымыздың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы — кейінгі ұрпаққа үлгі. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында Жаңасемей аумақтық сайлау комиссиясы жариялады.

Қазыналы қариялар ел болашағы үшін дауыс берді

Ұлттық Құрылтай сайлауына қатысу — үлкендеріміз үшін азаматтық ұстаным ғана емес, ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. «Ел болашағы — ұрпақ қолында» деген ұстанымды берік ұстанған ақ жаулықты әжелер мен ел ағалары бүгінгі маңызды шешімге өз үлестерін қосып отыр. Сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық міндетін атқарған қарияларымыздың әрқайсысының өмірлік тәжірибесі мен елге деген жанашырлығы кейінгі буынға өнеге. Олардың ел бірлігі мен татулығын ту еткен баталары — барша жұрт үшін үлкен рухани күш.

Қазыналы қариялар ел болашағы үшін дауыс берді

Осындай айтулы күні ақсақалдарымыз бен әжелеріміздің батасын алып, олардың ел болашағына деген ақ тілегіне куә болу — біз үшін зор мақтаныш. Қариясы қазына болған елдің іргесі берік, болашағы баянды болмақ.

Бүгінгі сайлау — таңдау күні ғана емес, елдік мұратты ұлықтайтын, ұрпақ сабақтастығын айшықтайтын маңызды сәт. Ардақты ақсақалдарымыз бен әжелеріміздің белсенділігі барша азаматты ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейді.