19 қараша - Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

19 қараша - Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні -Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, экономикамыздың дамуымен  тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда жетекші күшке айналып отыр.

Басты мақсат - аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру. Бұл бағытта бүгінгі күні жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген жандар ел экономикасының маңызды стратегиялық бағыттағы саласын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.

Барша ауылшаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, еңбектеріне толағай табыс тілейміз.


#Абай облысы, #Ауылшаруашылық