Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Ақсуат аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік басқармасынан алынған мәліметке сәйкес, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8% құрап отыр,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Облыста жалпы ірі қара мал басы 140,1 мың басқа өскен, өткен жылмен салыстырғанда 102,7%. Қой-ешкі саны 223,0 мың, жылқы 29,8 мың басқа жетті. Биыл 9,5 тонна ет, 74,3 тонна сүт, 2165,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығына басты назар аударылды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде облыста 71 асыл тұқымды мал шаруашылығы, оның ішінде 55 ірі қара мал, 11 қой және 5 жылқы шаруашылығы бар. Облыста асыл тұқымды малдың жалпы саны 40094 бас ірі қара, 124742 бас қой, 1770 бас жылқыны құрайды. Жалпы сандағы асыл тұқымды малдың үлесі ірі қара 27,5%, қой 51,8%, жылқы 5,6%. Алдағы уақытта ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі бағдарлама мен жеңілдіктерге қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жеке малдың санын көбейтіп қана қоймай, асыл тұқымды мал санының жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Кейбір шаруа қожалықтары несиені пайдаланып, мал бордақылау алаңдарын ашып үлгерді. Олар селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстардың нәтижесінде алынған бұзауларды семіртіп, етті аудан, облыс деңгейінде сәтті өткізіп отыр. Анықтама үшін: облыста 11 бордақылау алаңы бар, онда 4000-ға дейін бұқа бордақыланады. Өнімдер, оның ішінде ет жәрмеңкелерде тұрақты түрде халыққа қолжетімді бағамен ұсынылып, еліміздің басқа қалаларында да тірі мал және ет түрінде сатылып жатыр. 


#Ауылшаруашылық, #Ақсуат ауданы