Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. 26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылды.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.






