Аягөз ауданында ғашықтар ескерткішінің аумағы ретке келтірілді

Аягөз ауданында ғашықтар ескерткішінің аумағы ретке келтірілді

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық екіайлық науқаны аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Киелі мекен» апталығы барысында тазалық жұмыстары жүргізілді6-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.

«Киелі мекен» апталығы ұлттық әдебиетіміздің баға жетпес жауһарына айналған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» шығармасында жырланған екі ғашықтың атақты ескерткішін тазалаудан басталды. Экология мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған іс-шараға Аягөз ауданынан 100-ге жуық жас қатысып, іргелес аумақты қалыпқа келтіруге үлес қосты. «Аягөз жастары бастамаға ұйымдасқан түрде қатысып жатыр. Аудан тұрғындары туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қарайды. Біздің ортақ міндетіміз – туған қаламызға қамқорлық жасап, оны бағалау және қорғау», -дейді студент Н. Әміров.

Акциядан кейін тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.


#Абай облысы, #Аягөз