Шығармашылықты жаны сүйетін педагогтің әрекетінде әр нәрсенің өз орны бар. Бір қарағанда қарапайым көрінетін дүниенің өзінен ол баланың қызығушылығын оятар мүмкіндік табады. Мектеп жасына дейінгі баланың көңілін аулап, тәрбие-білімге ынтасын арттыру үшін алдымен оның жүрегіне жол табу керектігін жақсы түсінеді.

Тайтолеуова Айнур Кадировна, Семей қаласы білім бөлімінің №15 балабақшасының тәрбиешісі баланың кішкентай жүрегіне жол тауып, оның бойындағы қабілетті дер кезінде байқап, үлкен өмірге алғашқы қадамын сеніммен бастауына жағдай жасайды. Айнур Кадировна үшін әрбір баланың жетістігі – ұстаз еңбегінің ең үлкен нәтижесі. Ол әр баланың жеке қабілетін құрметтеп, шығармашылығын дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге, ізденуге және жаңа нәрсені үйренуге ынталандырады.
Педагог үнемі ізденісте жүріп, өзінің кәсіби білімін жетілдіруді басты міндеттерінің бірі санайды. Жинақтаған тәжірибесін әріптестерімен бөлісу мақсатында педагогикалық бағыттағы журналдарға мақалаларын тұрақты жариялап келеді.
2024 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Мектепке дейінгі ұйымдардың заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Тәрбиешінің еңбегінің ең жарқын нәтижесі – тәрбиеленушілерінің жетістіктері. Балалары күн сайын жаңа білім игеріп, түрлі дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық және танымдық сайыстарға белсене қатысып, дипломдар мен грамоталарға ие болуда. Өйткені тәрбиеші үшін әр баланың кішкентай жеңісі – үлкен еңбектің жемісі, ал баланың қуанышы – ұстаздың ең үлкен марапаты.
Айнур Кадировна үшін педагог болу – тек мамандық емес, жүрек таңдауы. Оның басты ұстанымы – «Балаға білім беру ғана емес, оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, сол қабілетін дамытуға жол ашу».
Оның кәсіби шеберлігі, жаңашылдыққа ұмтылысы, балаға деген шынайы сүйіспеншілігі мен әріптестерімен тәжірибе бөлісуі – заманауи педагогке тән биік қасиеттердің айқын үлгісі.

Осы балабақшаның тағы бір тәжірибелі, шығармашыл тәрбиешісі Алексеенкова Татьяна Юрьевнаның мол кәсіби тәжірибесі бар білікті тәрбиеші, өзінің әдістемелік ізденісіне ол қарапайым бақылаудан бастау алды: қазіргі балаларға ұзақ уақыт бойы бір қалыпта отырып, зейінін тұрақты ұстау қиын. Қозғалыс белсенділігін танымдық міндеттермен ұштастыра отырып, педагог өз тәжірибесіне интерактивті еден мен еденге арналған дидактикалық ойындарды енгізді. Тобында білім беру үдерісі үздіксіз зерттеу алаңына айналған. Мектеп жасына дейінгі балалар арнайы дамытушы алаң бойынша қозғалу арқылы математика мен логика негіздерін меңгереді, санауды, заттарды жіктеуді және стандартты емес шешімдер табуды үйренеді.
Нейродинамикалық жолақтар арқылы олардың коммуникативтік дағдылары жетілдіріледі. Мысалы, «Ақылды доп» ойынында балалар допты белгілі бір ырғақпен қағып отырып, тақпақтарды бірге айтады. Бұл қол, көз және сөйлеу үйлесімділігін дамытуға ықпал етеді. Ал еденде ұйымдастырылатын сюжеттік ойындар барысында балалар бірлесіп әрекет етуді және топпен жұмыс істеуді үйренеді.
Шеберліктің мойындалуы және тәрбиеленушілердің жетістіктері
Татьяна Юрьевнаның инновациялық педагогикалық тәсілі сарапшылар қауымдастығы тарапынан үнемі жоғары бағаланып келеді. Педагог түрлі деңгейдегі кәсіби байқауларға белсенді қатысып, өзінің әдістемелік әзірлемелерін ұсынады.
Дегенмен тәрбиеші үшін ең үлкен мақтаныш – оның тәрбиеленушілері. Дамытушы технологияларды тиімді қолданудың нәтижесінде балалардың дайындық деңгейі жоғарылап, олар балаларға арналған зияткерлік және шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, жеңімпаз атанып жүр.
Ғылыми ізденіс және тәлімгерлік тәжірибе
Татьяна Алексеенкова өзінің практикалық тәжірибесін ғылыми жарияланымдар арқылы жүйелі түрде жинақтап келеді. Оның мақалалары «Дана бала», «Панорама педагогических идей», «Ustazalemi» сияқты республикалық басылымдарда тұрақты жарияланып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі әріптестер үшін тәжірибелік құралға айналуда, өз білімін әріптестерімен кеңінен бөліседі.
«Педагогика – бұл үнемі ізденіс және алға қарай қозғалыс», – деп есептейді Татьяна Алексеенкова.
«Қозғалыс арқылы оқыту» технологиясын жетілдіре отырып, педагог балалар үшін әр күнін жаңа жаңалықтар мен қызықты ізденістерге толы білім беру ортасын қалыптастырып келеді.
Абай облысы үшін осындай ізденісті, шығармашылыққа жақын, өз ісіне адал педагогтердің еңбегі - мектепке дейінгі ұйымның мерейін өсіретін үлкен құндылық. Педагогтердің бүгінгі еңбегі - ертеңгі ұрпақтың жадында қалатын жарық із.




