Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Білім 43 қаралымabaidan.kz

Олимпиаданың құндылығы – тек медальда емес: Тоқаев IOAI-2026 қатысушыларына үндеу жасады

Олимпиаданың құндылығы – тек медальда емес: Тоқаев IOAI-2026 қатысушыларына үндеу жасады

Астанада өткен Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім алмасу мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған abaidan.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай олимпиадалардың басты құндылығы тек жеңімпаздарды анықтауда емес, сонымен қатар жаңа тәжірибе жинақтауға, пікірлес жандарды табуға және болашақтың сын-қатерлеріне бірлесіп жауап іздеуге мүмкіндік беруінде.

— Бұл олимпиаданың шынайы құндылығы тек медаль жеңіп алуда емес. Ең алдымен, бұл – бір-бірімізден үйренуге, идея алмасуға, жаңа достар табуға және болашақтың сын-қатерлеріне бірге жауап іздеуге берілген мүмкіндік, — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзге адамдар мен компаниялардың озық білімі мен тәжірибесін үйрену дамудың табиғи бөлігі екенін атап өтті.

— Басқалардың, тіпті компаниялардың да озық білімі мен тәжірибесін үйренуден ұялуға болмайды. Өйткені білім алуға ешқашан кеш емес, — деді ол.

Президент сондай-ақ жастарды қырағылық пен оптимизмді сақтауға шақырып, күрделі жағдайлардың өзінде де өсуге және жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік әрқашан бар екенін айтты.