Мектеп оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің жаңа әдісін тапты

Мектеп оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің жаңа әдісін тапты

Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын "Сатылмайтын Алпамыс" компьютерлік ойынын әзірледі,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облыстық білім басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі. 

Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.  

Жобаның басты идеясы - білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. 

Компьютерлік ойынды мектепте орта және жоғары буын оқушыларына ойнатып, тәжірибе жасап көрген. Сондай–ақ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті" ұйымдастырған Өскемен қаласындағы "Үміт" балалар лагерінің тәрбиеленушілері ойнады. 

Болашақта Нурали ойынды виртуалды шындықты пайдалануға бейімдеуді жоспарлап отыр, бұл ойыншыларға VR контроллерлерін пайдаланып, еркін қозғалуға мүмкіндік береді, ойын әлемімен жеңіл өзара әрекеттесуге көмектеседі. Бұл өзгерістер ойынға деген қызығушылықты одан сайын арттырады. Сонымен қатар, оның қолжетімділігін арттыру және кең аудиторияны тарту үшін ойынды мемлекеттік тілге аударуды жоспарлап отыр. 

Жетекшісі: Елюбаева Наталья Геннадиевна, информатика пәнінің мұғалімі.

Айта кетейік, Нурали өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың І республикалық байқауына ұсынған. Алғаш ұйымдастырылған байқауда оқушының ерекше жобасы үздік деп танылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша  Амангельдыев Нұрали  үздік жоба үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.


#Абай облысы, #Оқушы, #мектеп, #жемқорлық