Абай облысында «Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Абай облысында «Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Абай облысында «Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін облыстық семинар-тренинг өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Шара "Абай облысының қоғамдық даму  басқармасы"  ММ  және «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынды.

 Іс-шараны С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU University «Ислам құқығы» орталығының басшысы, белгілі теолог Асқар Сабдин және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Алуа Сабалакова өз ойларымен бөлісіп, сауалдарға жауап берді. 

 Аталған іс-шараға ҚАЖД қызметкерлері, Абай облыстық ақпараттық түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері, білім бөлімі, білім басқармасы, құқық қорғау органдары өкілдері, жастар ресурстық орталығы, Абай облысы Полиция Департаменті мамандары және облыстық, қалалық мектеп мұғалімдері, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. 

 Басты мақсат –  дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық белсенділікті дамыту және қоғамның тұрақтылығын нығайту. 

Діни экстремизм, терроризмнің себеп-салдары және оның алдын алу.


#Абай облысы, #дін