️ҚР Энергетика вице-министрі Абай облысында болды

️ҚР Энергетика вице-министрі Абай облысында болды

ҚР Энергетика вице-министрі  Жандос Нұрмағанбетов жұмыс сапарымен Абай облысында болды, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әккімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласының жылумен қамту нысандарын аралап, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика вице-министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі энергетика саласындағы бүгінгі ахуалға тоқталды. Ол жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымдылығын атап өтті.

Өңірдің даму болашағына және өткен жылдың 30 қыркүйегінде Мемлекет басшысы тапрсырмасына сәйкес жаңа жылу электр орталығын салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

«Қатты отынды жағуға және түтін газдарын ластаушы заттардан тазартуға арналған заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, жылу мен электр энергиясын біріктіріп өндірудің тиімді технологиясына негізделген заманауи жылу көзін құру жоспарлануда»,- деді вице-министр.

Жандос Нұрмағанбетов атап өткен мәселенің бірі - саяжайлардағы электр жарығы. Аталмыш мәселенің шешім табатынына сендірді. Төмен вольтты желілерді салуға қазірдің өзінде бюджет белгіленген.

Сонымен қатар, басқосуда тұрғындар пәтер иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігі мен сатушыларды үстемесіз көмірмен қамтамасыз ету мәселелерін де көтеріп, жауап ала алды.


#Семей, #Абай облысы