Семейде салынатын ЖЭО алдын ала құны белгілі болды

Семейде салынатын ЖЭО алдын ала құны белгілі болды

Семейде салынатын жаңа ЖЭО-ның алдын ала құны белгілі болды, - деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі. Үкімет отырысында "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Семейде - 360 мегаватт  болатынын айтты. Жобаны іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымдар ретінде "Самұрық-Энерго" және "ИНТЕР РАО Экспорт" бекітілген.  Оның айтуынша, жылу электр орталығын салу үшін субсидияланған мөлшерлеме бойынша жеңілдікті қаржыландыруды қамтамасыз ету шартымен Ресей Федерациясында өндірілген негізгі технологиялық жабдықтарды пайдалану жоспарланған. Қазіргі уақытта  Семейдегі ЖЭО бойынша ТЭН биыл наурызда дайын болады. Төраға ұсынған слайдта салынатын жылу электр орталығының алдын ала құны көрсетілген. Семей қаласы бойынша, 420 миллиард теңге. Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ол жобалардың құны әлі бекітілмегенін мәлімдеді.  Айтуынша, ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады. Жарияланған сома болжамды. Құны әлі бекітілген жоқ.


#Семей, #жылу, #ЖЭО