Үржар ауданында қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендерге мониторинг жүргізілді
Мамандар 21 адамды мекен- жайлары бойынша грант қаражатын мақсатты пайдалануын бақылады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг барысында 2 кәсіпкер белгілі бір себептермен көрсетілген мекен-жайында болмады. Ал бір кәсіпкердің басқа қалаға көшіп кеткені анықталды. Биылғы жылы аудан бойынша 29 адам қайтарымсыз грантты еңшілеген болатын.
2023 жылы 23 адам грант иегері атанған . Жалпы қаражат 31 млн. 740 мың теңге. Оның ішінде, екі тұрғынның ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды. Қазіргі таңда, іс сотқа беріліп қаражат сот шешімі арқылы қайтарылуда.
#Абай облысы, #Жұмыспен қамту, #гранттар, #Үржар ауданы