"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" мемлекеттік кәсіпорны БАҚ тілшілері және блогерлер арасындағы жол сапасы мәселелері тақырыбындағы үздік жарияланымдар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдардың жай-күйі туралы "Ақпараттық сайттағы үздік жарияланым" аталымы бойынша abaidan.kz ақпараттық агенттігі жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ, Абай облысындағы бірқатар БАҚ өкілдері марапаттарға ие болды.





"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" мекемесі қызметінің басты мақсаты - жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Егер бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазірде бұл орталық барлық жолдарды , оның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды.







