abaidan.kz ақпараттық агенттігі жүлдегерлер қатарынан көрінді

abaidan.kz ақпараттық агенттігі жүлдегерлер қатарынан көрінді

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" мемлекеттік кәсіпорны БАҚ тілшілері және блогерлер арасындағы жол сапасы мәселелері тақырыбындағы үздік жарияланымдар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдардың жай-күйі туралы "Ақпараттық сайттағы үздік жарияланым" аталымы бойынша abaidan.kz ақпараттық агенттігі жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ, Абай облысындағы бірқатар БАҚ өкілдері марапаттарға ие болды.

 

 

 

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" мекемесі қызметінің басты мақсаты - жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Егер бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазірде бұл орталық барлық жолдарды , оның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды. 


#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы", #марапат