Абай облысында су тасқынына дайындық: 2 мың шақырымға жуық жол бақылауда
Абай облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы мен “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” филиалының мамандары күре жолдардың бойындағы қауіпті учаскелерді бақылауға алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірдегі жолдардың жалпы ұзындығы 2 176 шақырымды құрайды.
Оның 1 948 шақырымы «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының теңгерімінде болса, қалған 228 шақырым жол учаскелері мердігер ұйымдардың қарауында.
Филиал қарауындағы жолдарда 85 көпір мен 1 336 су өткізу құбыры орналасқан. Қазіргі таңда олардың барлығы бақылауға алынып, қауіпті кезеңге дайындық пысықталуда.
Қауіпті учаскелер бақылауда
Мамандар 17 учаскеде су тасқыны қаупіне қарсы жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде 11 су өткізгіш құбырда су толу қаупі бар.
Су тасқынының алдын алу үшін 7 апаттық бригада жасақталып, 71 арнайы техника дайындыққа келтірілген. Атап айтқанда:
• 20 самосвал
• 15 автогрейдер
• 22 трактор
• 7 тиегіш
• 7 ДР техникасы
Материал қоры жеткілікті
Қауіпті кезеңге қажетті материалдар да алдын ала дайындалған:
• 2 000 м³ құм
• 1 439 м³ тас
• 24 000 қап
• 1 900 м³ ПГС
Бұдан бөлек, Семей–Қайнар, Таскескен–Бақты және Тарбағатай–Ақсуат бағыттарындағы қауіпті жол учаскелеріне қиыршық тас жеткізілген.
Арнайы құралдар әзір
Жедел әрекет ету үшін қосымша құрал-жабдықтар да сақадай сай:
• 150 шанышқы
• 200 күрек
• 100 жол конусы
• 100 сигнал бағанасы
• 50 резеңке етік
• 8 мотопомпа (қуаты 6,8 а.к., 5 000 Вт, өнімділігі 1 025 л/мин, диаметрі 150 мм)
Тазарту жұмыстары жүргізілді
Су тасқыны қаупі бар учаскелерге жақын орналасқан 112 су өткізгіш құбыр толық тазартылған. Жалпы өңірде 1 336 су өткізгіш құбыр мен 85 көпір бар.
Қазіргі уақытта «ҚАЖсервис» филиалының 308 қызметкері тәулік бойы жұмыс істеуде. 7 жол пайдалану бөлімі мен 7 жол пайдалану пунктінің мамандары күшейтілген режимге көшкен.
#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"