Абай облысындағы орман өрті: зардап шеккен отбасы балаларына қаржылай көмек бөлінді

Абай облысындағы орман өрті: зардап шеккен отбасы балаларына қаржылай көмек бөлінді

Абай облысындағы Семей орманы өрті салдарынан зардап шеккен және қайтыс болған қызметкерлер отбасының балаларының мектепке дайындығын қамту мақсатында 500 мың теңдеген қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қаржылай көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, бүгінде Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың балаларына 500 мың теңге көлемінде материалдық жәрдем көрсетілді», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-министр қорға түскен қаржының тиімді жұмсалу барысы қатаң бақылауға алынатыны туралы айтты.

«Қазіргі таңда біздің министрлік жалпыға бірдей білім беру қорының қаражатын бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету және қаражаттың біркелкі жұмсалмау мәселесін шешуде. Біз бөлінген қаражаттың жұмсалуына бақылау бойынша әрекеттер жасаудамыз», - дейді ол.


#өрт, #Абай облысы, #Білім