Абай облысының әкімі аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Салтанатты шараға облысқа қарасты қала мен аудандардан жалпы саны 80 ару қатысты. Олардың қатарында мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, үкіметтік емес ұйым және әлеуметтік сала мамандары бар,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі .
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жаңадан құрылған облыстың дамуына әйел азаматтардың үлесі зор екендігін атап өтті.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан алғыс хаттар табыстады.
Облыстық филармония және қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы жиналған қауымға мерекелік бағдарлама ұсынды.
#Абай облысы, #мереке, #Абай облысының әкімі