Ауылдағы электроник

Ауылдағы электроник

Абай облысы Көкжайық ауылының тұрғыны заманауи кез келген техниканың электрондық жүйелерін жөндейді. Елдар Төлегеновтың арнайы білімі жоқ. Оған еліміздің әр түкпірінен қымбат көліктер мен агротехниканыңістен шыққан микрожүйелерін қалыпқа келтіру үшін жүгінетіндер көп. 

 

 

Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылының тумасы ЕлдарТөлегенов электроникаға бала кезден бейім болған. Көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерді шашып, қайта жинау ол үшін оп-оңай. Әсіресе, соңғы үлгідегі агротехникалар сынса, көпшілік оны құрастырған компанияға жүгінеді. Ол тым қымбат. Сондықтан алысқа бармай-ақ ауылдағы шебердің қызметін пайдаланып жүр.

«New Holland» деген комплекстар бар. Тракторлар,жерді жыртатын. «John deere», «Doosan» «Kater Pilar» деген техникаларды жөндей береміз. Шет елден, Украинадан шақыртады мастерлерді. Соған қанша ақша кетіреді мысалы. Ал біз мына жерде. Жақын жерден сынған микрожүйелерін іске қосып береміз –дейді автодиагност, Елдар Төлегенов. 

Таптырмас маманды түрлі шет елдік компаниялар жоғары жалақы ұсынып жұмысқа шақырған. Бірақ, ол туған ауылында бастаған бизнесін тастағысы келмейді. Әрі қарай дамыта беруді жөн санайды. 

Іскердің ауласындағы шағын шеберхана заманауи құрылғыларға толып тұр. Ол үнемі ізденісте. Қазір қолында 20 миллион теңгеден астам қаржыға сатып алынған құралдар бар. Ол арқылы көліктің қозғалтқышын ашпай-ақ, кінәратын тауып береді. Техника жөндеудегі тың әдістерді меңгеріп, білімін жетілдіріп отырады. 

Елдар алда мемлекеттің инновациялық идеялар үшін беретін гранттарын иеленсем деген ойда.  Бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Оған қоса шәкірт тәрбиелеп, ауыл жастарын осы кәсіпке бейімдемек ниетте.   


#Абай облысы