Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы жұмыс қорытындысын жасады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2023 жылғы жұмыс қорытындысын жасады

Өткен жылы Департамент мамандары тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 19 талдау жүргізіп, 10 хабарлама жасаған. Сондай -ақ, 7 тергеу тағайындалып және 26 ұйғарым шығарған. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысы Динара Мұқаева атап өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. 

- Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізудің мақсаты бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғауға және дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу болып табылады, - деп атады департамент басшысы.

Сонымен қоса, спикер қазіргі уақытта департамент нарықтағы үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 3 тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді.

- Аяқталған тергеу қорытындысы бойынша 4 жергілікті атқарушы органның іс - әрекетінде бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері анықталды, тергеу қорытындысы бойынша әкімшілік істерді қозғау және ұйғарым шығару туралы шешімдер қабылданды, - деді Динара Мұқаева.

2024 жылы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 7 талдау жүргізу жоспарлануда. 

Талдау астық қабылдау кәсіпорындарының қызметтеріне, тауық етін көтермелеп сатуға, интернетке және басқа бағыттарға қатысты болмақ.


#Абай облысы