Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 41 қаралымabaidan.kz

2026 жылғы I жартыжылдықтағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

2026 жылғы I жартыжылдықтағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 1 жартыжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша жұмысының қорытындыларын шығарды. Департамент өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 
2026 жылғы 1 жартыжылдықта Департамент 12 бақылау шарасын өткізді, оның ішінде 7 жоспарлы тексерулер мен 5 жоспардан тыс тексерулер болды. Тексерулер нәтижесінде 12 165 бұзушылық анықталды, олардың ішінде:
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 8;
мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту– 36;
қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 1516;
басқа бұзушылықтар – 10605.
Тексерулер нәтижесінде 5 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, бұл Департамент жұмысының тиімділігін дәлелдейді. Атап айтқанда, тексеру нәтижесінде жүгінген тұлғаға жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты берілді.
Сонымен қатар, тексерусіз 2 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді, оларға жер учаскелерін жалға алу мерзімдері ұзартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін департамент қазіргі заманғы құралдарды, оның ішінде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізуді белсенді түрде қолданады. 2026 жылғы 1 жартыжылдықта осы құрал арқылы мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың 2800 астам бұзушылықтары анықталды.
Тексерулер нәтижесінде қызмет берушілерге 41 ұсыныс енгізілді, олар толық көлемде орындалды. Бұзушылықтар бойынша 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 3 тұлғаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабы бойынша 5 хаттама жасалды.
Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бұзушылықтарды анықтау және жою, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті